Сингапурлық авиакомпания қызметкерлері рекордтық көлемде сыйақы алуда

Singapore Airlines әуе компаниясының қызметкерлеріне жеті айлық шамасындағы жалақыға тең сыйақы беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
FL360 басылымының жазуынша, компания 2024 қаржы жылын аяқтап, таза пайдасы 2,7 миллиард сингапур долларына жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24% жоғары.
Нақтырақ айтқанда, сыйақы көлімі 7,45 айлық жалақыға тең. Компанияның табысы жолаушылар тасымалының артуымен байланысты.
"SIA және оның төмен бюджеттік бөлімшесі Scoot 36,4 миллион жолаушыны тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,6% артық",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін бортында үш адам бар ұшақ мәжбүрлі түрде Қызылорда облысына қонғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript