Бортында үш адам бар ұшақ мәжбүрлі түрде Қызылорда облысына қонды

Спасательный отряд, собаки-спасатели, кинологи, спасатели с собаками, спасательный отряд с собаками, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 11:38 Фото: Zakon.kz
"Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде Қызылорда облысына қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, бортта үш адам болған. Байланыс үзілгендіктен олардың қайда екені белгісіз болды.

Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді.

"Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Түркістан облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырағандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: