Барланған алтын қоры Қазақстандағы алтын өндіру көлемінен асып түседі
Фото: pixabay
2024 жылғы 3 желтоқсанда өткен үкімет отырысында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев соңғы 30 жылда Қазақстанда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорының артқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол Қазақстанның минералдық-шикізаттық базасында қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орны бар екенін және оларды барлау динамикасы оң күйінде қалып отырғанын атап өтті.
"Алтынды толтыру коэффициенті 1,2-ге тең, бұл дәлелденген алтын қорының көлемі оны өндіру көлемінен жоғары екенін көрсетеді.Мыс үшін коэффициент 0,7-ге тең. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар мыстың болашағы бар жер қойнауын барлау жұмыстарын белсенді жүргізуде", – деді Қанат Шарлапаев.
Ол сондай-ақ Қазақстандағы сирек жер металдарын геологиялық барлаудың перспективалы бағыттары туралы баяндады. Сирек кездесетін металдар өнеркәсібін дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздестіру жұмыстары жалғасуда.
"Бүгінгі таңда қоры 800 мың тоннаға жуық сирек жер металдарын құрайтын Күйректікөл учаскесінің келешегі туралы мәліметтер бар", — деді Қанат Шарлапаев.
Министрліктің мәліметінше, сирек жер металдарын барлаумен Cove Capital және HMS Bergbau жеке компаниялары айналысады.
Бұған дейін Қазақстан алтын мен күмісті әкелу және экспорттау ережесін бекіткені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript