Екібастұз тұрғыны есірткіні балконда сақтаған

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, заведенные дела, дело, полицейский, показание, показания, заявление, заявления, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 12:57 Фото: Zakon.kz
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторы Мұхтар Әуезов көшесіндегі пәтерлердің бірінде есірткіні заңсыз сақтау және пайдалану фактісін анықтады.

Тексеру барысында ер адам есірткі заттарын пәтердің балконында сақтағаны белгілі болды.

Тәркіленген заттар арасында шыны литрлік банка мен сұр-жасыл түсті, арнайы иісі бар пластикалық банка бар. Бұл заттар сараптамаға жіберілді.

Медициналық тексеру нәтижесінде ер адамның алкоголь мен каннабиноидтарды бірге қолданғаны және мас күйінде болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта есірткі құралдарын заңсыз сақтау және қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: