Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қалта ұрысы ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 14:26 Фото: Zakon.kz
Медеу ауданының полиция қызметкерлері оңай олжа іздеген қалта ұрысын қолға түсірді. Оқиға Саяхат автовокзалының жанындағы аялдамада болған.

Қаскүнем жолаушының ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашпақ болғанымен, бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел ұстап, қамауға алды.

"Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы тексерілуде. Оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Қылмыстық әрекеттерінің қайталануы және ұрланған мүлікті сату арналары да тергеу нысанында", – деп мәлімдеді Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім бастығы Елдос Бақбергенов.

ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Сонымен қатар ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кез келген адам кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: