СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетілді

Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетілді. Бұл туралы өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Облыс басшысының сөзінше, Петропавлда жаңа шағын аудан салынған. Онда қазір тасқыннан зардап шеккен 700 отбасы тұрып жатыр. Жуырда бұл ауданда балабақша мен мектеп салынады.
Сонымен қатар 1 мың 400-ге жуық пәтер сатып алынып, 200-ден астам үйді қалпына келтірген. Айтып өтейік, көктемгі тасқын кезінде облыстағы 4 мыңға жуық үй су астында қалды, деп жазады qazaqstan.tv.
"Ақшалай өтемақы толық көлемде төленді. Уәде бергеніміздей, барлығы баспана алды. Бұл ретте Президент үндеуіне құлақ асып, солтүстікқазақстандықтардың баспана алуына қаражат бөлген меценаттар бар." Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript