Алматыда тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып жатқан 4 мыңнан астам азамат анықталды

Алматыда құқық қорғау органдары әкімшілік аумақтарда қылмыстың алдын алу шараларын күшейтті. Қалада "Учаске" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оған жергілікті полиция қызметкерлері, көші-қон қызметі, экстремизмге қарсы күрес бөлімшелерінің өкілдері жұмылдырылған.
Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері 528 мыңнан астам пәтер мен жеке тұрғын үйлерді аралап шықты.
Нәтижесінде тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып жатқан 4 мыңнан астам азамат анықталып, олардың барлығы ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған 5 мың 363 адам тексерілді. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағандар, сондай-ақ азаматтық қарудың 36 мың 335 иесі тексерілді. Оларға профилактикалық әңгіме жүргізілді.
"Полиция қызметкерлерінің міндеті – азаматтармен тығыз, сенімді қарым-қатынас орнату, қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу және құқық бұзушылықтардың алдын алу", – деп атап өтті Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript