Павлодар облысында полиция шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметін тоқтатты

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, машина полиции , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 10:18 Фото: Zakon.kz
Көші-қонды бақылаудың күшеюіне қарамастан, шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметі мәселесі өзекті болып қала береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өкінішке қарай, бұл жағдай елдің еңбек нарығына да, мигранттардың өздеріне де теріс әсер етеді, олар тіркеусіз жұмыс істеп, айыппұл алып қана қоймай, одан да ауыр зардаптарға тап болады.

"Мысалы, Екібастұзда полиция кафе мен павильонда рұқсатсыз, санитарлық кітапшаларсыз сатушы болып жұмыс істеген шетелдік екі азаматтың заңсыз еңбек қызметін тоқтатты. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Материалдар сотқа жіберілді", – деп атап өтті Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: