Тауарлық газға жеңілдік: қызметті кімдер ала алады

Газовая плита, газовая плитка, газ, газоснабжение, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 16:42 Фото: freepik
ҚР Энергетика министрлігі "QazaqGaz Aimaq" АҚ бірлесе 2024 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТҮК) алатын азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Энергетика министрі мәлімдеді.

"Жоба аясында аталмыш аймақтарда тұратын АӘК және ТҮК алушы азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі "Әлеуметтік әмиян" сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады. АӘК және ТҮК мәртебесіне ие азаматтар 1414 нөмірінен тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді "Әлеуметтік әмиян" қызметінде белсендіру қажет".

Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін оларға тұратын мекен-жайының есептік шотын көрсетсе жеткілікті. Және де тұтынушыға үй-жай құжатын (жекеменшік/ жалға алынған) өткізудің қажеті жоқ.

"Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласы (631 м3/айына) мен Батыс Қазақстан облысы (833 м3/айына) әкімдіктерімен бекітілген тұтыну газ нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек (Тұтыну газ нормасын бекіту барысында сыртқы ауаның орташа айлық температурасы, ғимараттың қуат тиімділігі класы және өзге де көрсеткіштер есепке алынды)". ҚР Энергетика министрі

Пилоттық жоба бес ай бойына жүзеге асырылып, әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге қанат жаюға бағытталмақ.

Бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 2-ші қыркүйегіндегі "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауы аясында Мемлекет басшысының, мемлекеттік қолдау оған шын мұқтаж жандарға бағытталуы маңызды деп атап көрсеткен тапсырмасына сәйкес орындалуда.

Толыққанды ақпарат пен бейне-нұсқаулықты сенім желісінде (5169 қысқа нөмірі), WhatsApp немесе Telegram арқылы +7 771 546-83-90 нөмірі бойынша немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: