Алматыдағы балабақшалар тексерілді: қорытынды қандай

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 16:57 Фото: pixabay
2024 жылдың сәуір - қараша айлары аралығында ҚР Бас прокуратурасының талаптары негізінде Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының мамандары мектепке дейінгі білім беру объектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы СЭБД басшысының орынбасары Гаухар Каткенованың айтуынша, барлығы 947 мектепке дейінгі ұйым бақылауға алынған. Жоспардан тыс тексеру 733 мекемеде жүргізілді, оның ішінде 674-інде бұзушылықтар анықталды.

Тексеру барысында санитариялық ережелер талаптарының мынадай бұзушылықтары анықталды:

  • қанағаттанарлықсыз санитариялық-техникалық жай-күйі (ағымдағы жөндеудің болмауы, еденнің, төбенің, қабырғалардың, асхана үстелдерінің бетінде зақым бар және тегіс емес, жылыту жүйесінің қондырғыларын бөгейтін құрылғылар жоқ);
  • терезелерде, фрамугаларда москит торларының, қорғаныс құлыптарының болмауы, кеміргіштерге, жәндіктерге қарсы профилактикалық шаралар қарастырылмаған;
  • желдету жүйелерінің ақаулығы (сору қолшатырлары жұмыс істемейді);
  • дезинфекциялау құралдарын, ерітінділерді сақтауға және оларды дайындауға қойылатын талаптардың бұзылуы;
  • тағамдар мен аспаздық бұйымдардың (бракераждық) сапасын органолептикалық бағалау журналының болмауы немесе уақтылы жүргізілмеуі, тәуліктік сынамалардың болмауы, жұмыртқаны өңдеу шарттарының болмауы;
  • ауыз су режимін сақтау үшін жағдайлардың болмауы;
  • өндірістік бақылау бағдарламасының болмауы немесе өндірістік бақылауды толық жүргізбеу.
  • микробиологиялық зерттеулерге зерттелген сыртқы ортаның 245 шайындысының — 41, тамақ өнімдерінің 55 сынамасы — 26, жарық көрсеткіштерінің 3021 жүргізілген аспаптық өлшемдері — 1556 нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келмеді;
  • ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейі сақталмайды.
"Анықталған бұзушылықтар бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 425 — бабының 1 — бөлігі бойынша жалпы сомасы 165 752 340 теңгеге айыппұл салумен 389 хаттама толтырылып, бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар берілді". Гаухар Каткенова

Қалған 285 нысанға прокуратура тарапынан әкімшілік шаралар қабылданды.

Бұдан басқа, объектінің қызметі үшін рұқсат құжаттарынсыз 2 хаттама толтырылды (санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ) және ӘҚБтК 463 — бабының 1- бөлігі бойынша материал сотқа жолданды.

"Санитариялық ережелердің барлық талаптарын сақтау — балалардың физикалық, жеке, зияткерлік қасиеттерінің салауатты дамуына қолайлы жағдай жасайтын санитариялық әл-ауқатты қамтамасыз ету болып табылады".Гаухар Каткенова

Бұған дейін Алматыдағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың қашан аяқталатындығы белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: