Павлодарда балық ресурстарын заңсыз сату тоқтатылды

Павлодарда балық ресурстарын заңсыз сату тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 18:26 Сурет: freepik
Павлодар облысының прокуратурасы Artemia salina шаян тәрізділерді өңдейтін жасырын цехты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақсу қаласының дала аймағында адамдар тобы рұқсат құжаттарысыз өндірілген "Артемияны" тазалаумен айналысқаны анықталды.  

Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгітергеп-тексеру басталды.  

Мөлшері 25 тоннадан асатын 500 қап өнім тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.  

Табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: