Павлодар облысында балықшы сұңқылдақ аққуды құтқарып қалды

Павлодар облысында балықшы сұңқылдақ аққуды құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 20:44 Сурет: pixabay
Павлодар облысында балықшы сұңқылдақ аққуды құтқарып қалды. Киелі құс ер адамның қасына өзі жақындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Железин ауданы Үрлітүп орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 11:30 шамасында "Қайыңды" орманшылығының 67-кварталында, Башмачное көлінде мұз үстінде балық аулап отырған тұрғынға сұңқылдақ аққу жақындаған. 

"Құс баяу қозғалды, әбден ашығып, әлі кеткен. Осыдан кейін аталған азамат аққуды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің орман күзетіне беру туралы шешім қабылдады. Тексеру нәтижесінде оның ешқандай жарақат, оқ жарақаты анықталмады", - деп хабарлады орман шаруашылығы. 

Кеш туып, қанаты қатаймаған балапанға көмек көрсету үшін табиғи ортадан алу қажет болды. Сондықтан 4 желтоқсанда құс Павлодар ауылындағы "Байрамов" ЖК "Белсенді демалыс орталығы" хайуанаттар бағына тапсырылды. Енді құс күн жылынғанға дейін сонда болады. Болашақта хайуанаттар бағындағы қалған жабайы құстармен бірге табиғи ортаға жіберіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: