Өскемен тұрғынын сүйіктісі 10 млн теңгеге алдап кеткен

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 10:08 Фото: pexels
Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан.

Бастапқыда қаражат көлемі аз болғанымен, уақыт өте келе оның сұраған сомасы айтарлықтай ұлғайған. Жігітінің қиын жағдайына сенген әйел оған көмектесу үшін өз атынан бірнеше банктен несие рәсімдеген. Нәтижесінде, келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға қаражатын қарызға беру мәселесінде аса мұқият болуды ескертеді. Тіпті бұл өтініш жақын таныстарыңыздан түссе де, қаржылық шешім қабылдамас бұрын жан-жақты ойланып, тәуекелдерді бағалаңыз.

Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз немесе алаяқтық әрекеттің құрбанына айналсаңыз, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз. Қырағылық – алаяқтықтан сақтанудың ең тиімді тәсілі!

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: