Астанада мәслихат депутаттығына сайлау басталды
Сурет: Zakon.kz
8 желтоқсанда №6 бір мандатты аумақтық сайлау округінен шығып қалғанның орнына Астана мәслихатының депутатын сайлау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Таңертеңгі сағат 7-ден бастап Астанада 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның үшеуі – жабық.
Мәслихат депутаттары бес жылға сайланады. Сайлау бюллетеніне 6 кандидат енгізілді. Астана бойынша сайлауға Байқоңыр ауданында орналасқан №6 бір сайлау округі қатысады.
Сайлау учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
"Осыған дейін округтің әрбір тұрғынына атаулы шақырулар берілген болатын. Сонымен қатар учаскелік комиссия мүшелері 17-27 қараша аралығында сайлаушылар тізімін таныстыра отырып, ауланы аралап шықты", - деп хабарлады қалалық сайлау комиссиясы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript