Қостанайда мекеме басшысы мемлекеттің 11 млн теңге қаражатын қолды қылды

Тенге, деньги, заработная плата, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 10:09 Фото: Zakon.kz
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша "белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы" КММ басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

kstnews.kz дерегінше, тергеу 2017-2023 жылдар аралығында мекеменің бюджетіне жауапты орталық басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, бес адамды жұмысқа қабылдағанын анықтады.

Олар орталықта тек қағаз жүзінде рәсімделген, яғни басшы осы қызметкерлердің жалақысын өзі алып отырған және жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Осылайша сотталған адам мемлекетке 11 млн теңгеден астам шығын келтірді.

Кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толық көлемде өтеді, соған қарамастан Қостанай №2 сотында оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: