Қызылордада мас күйінде көлік басқарған 289 жүргізуші анықталды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:35 Фото: pexels
Қызылорда қалалық полиция басқармасы жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Аталған шаралардың нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізген 289 азамат ұсталды. Тек осы аптада патрульдік полиция қызметкерлері осындай 9 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

Мас күйінде көлік басқарған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қолданылды.

Оларға 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған. Сонымен қатар көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, масаң күйде рөлге отырған 15 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Олар уақытша ұстау абақтысына қамалып, көліктері айып тұрағына қойылды. Естеріңізге сала кетейік, мас күйінде көлік басқару қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Сондықтан әрбір жүргізуші жол қозғалысының ережелерін сақтап, өзінің және өзге де адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: