Қарағанды облысының полицейлері жолда қалғандарды діттеген жеріне жеткізді

Қарағанды облысының полицейлері жолда қалғандарды діттеген жеріне жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2024 12:20 Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райының салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.

Облыс аумағында 1 мыңнан астам көлік жолда қалды. Әсіресе, Қарағанды-Астана бағытында 700-ден астам көлік жиналды.

Полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті жетегіне алып, Ақмола облысының аумағына дейін жеткізді. Сондай-ақ, Ақмола облысы аумағынан Қарағанды бағытына 1 мың көлік қауіпсіз түрде жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: