Қазақстаннан Автралияға снарядтарға толы сәлемдеме жіберілген
Австралиялық кеден қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың тамызында Сиднейдегі халықаралық пошта бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстаннан 31 жастағы Австралия азаматы Пертке жіберілген сәлемдеменің рентгенографиясын түсірген. Ол бірден ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс қаруы бар деген күдікке ілінген. Бұл зат Қорғаныс министрлігінің жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру қызметіне берілді. Оның немістің танкке қарсы снаряды екені анықталды.
Сурет: abf.gov.au
2024 жылдың 10 желтоқсанында ABF жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы топтың қызметкерлері екі тұрғын үйді тінтті. Нәтижесінде қол гранаталары, оқ-дәрілер, персоналға қарсы мина, зениттік снаряд, қанжарлар, нацистік символикасы бар жалаулар және сандық құрылғылар тәркіленді. Барлығы 29 зат.
Сурет: abf.gov.au
Қарудың құрамында жарылғыш заттар жоқ, бірақ оны қайта өңдеп және жарылғыш зат ретінде пайдалануға болады.
Сурет: abf.gov.au
Бұған дейін Қытайда пара алған шенеуніктің өлім жазасына кесілгені хабарланған болатын.