Алматыда 2025 жылы екі жаңа BRT желісі салынады
Сурет: gov.kz
Оңтүстік астанада келер жылы екі бірдей BRT желісі салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 18 желтоқсанда қала әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
"2025 жылы Желтоқсан көшесі бойынша Байтұрсынов көшесінен Райымбек даңғылына дейін ұзындығы 4,6 км және Райымбек даңғылымен Пушкин көшесінен Алтын Орда көшесіне дейін ұзындығы 17,2 км 2 жаңа BRT желісі салынады". Ерболат Досаев
Құрылыстың басталуы 2025 жылдың наурызына жоспарланған.
"Біз бірінші кезең жұмыстарына күзде кірісе алатын едік, бірақ сарапшылар қауымдастығымен талқылаулардан кейін және қала тұрғындарына қолайсыздықты азайту мақсатында екі кезең бойынша жұмыстарды бірден бастау туралы шешім қабылданды. 2025 жылдың қаңтарында Райымбек даңғылының екі учаскесі бойынша мердігер ұйымды таңдау байқауын жариялау жоспарлануда. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың наурыз айында басталады", – деп хабарлады Ерболат Досаев
Сондай-ақ, көшелерді "қасбеттен қасбетке дейін" қағидаты бойынша кешенді көркейту жүргізіледі.
"Жайлы және заманауи қалалық ортаны құруда "Қасбеттен қасбетке дейін" қағидаты бойынша барлық инфрақұрылымдық қабаттарды жаңғырта отырып, көшелерді абаттандыруға кешенді көзқарас ең оңтайлы шешім болып табылады",- деп мәлімдеді әкім.
2025-2026 жылдары 49,2 шақырым болатын 11 көшеге кешенді көріктендіру жүргізіледі
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Достық даңғылын (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) және Пушкин көшесін (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін) қайта құру бойынша жобалардың ЖСҚ әзірлеу аяқталды.
"2025 жылғы ақпанда Радостовец көшесі мен Мақатаев көшесін жобалау 2025 жылғы мамырда ҚМЖ басталуымен аяқталады",- деді Досаев.
Бұған дейін Алматыдағы ауаның негізгі ластану көзі қандай екені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript