Қазақстанның бірнеше облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы жанданды

Дорога, трасса, трассы, машины на трассе , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 09:02 Сурет: pexels
2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 06:00-де кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 06:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:

Ақтөбе облысы:

  • Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырым аралығының учаскесі (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
  • "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы — РФ шекарасы);
  • "Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
  • Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автожолының 12-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қ.-Қарауылгелді а.).

Батыс Қазақстан облысы:

  • Самара-Шымкент автожолының 272-526 шақырым аралығының учаскесі (Барбастау ауылынан БҚО шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

  • "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қ.).

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында екі жылда 1 мың шақырым жол жөнделген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: