Алматы облысында ҚР азаматтығына 4,5 мыңнан астам шетелдік қабылданды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, паспорт, цифровые документы, удостоверение личности, ЭЦП, электронная цифровая подпись , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 11:58 Фото: gov4c.kz
Миграциялық полицияның жұмысы шетелдіктерді тіркеуден бастап, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға дейінгі кең ауқымды міндеттерді қамтиды. Биылғы жылдың басынан бастап Алматы облысында 4,5 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды.

Осы кезеңде өңірде 73 545 шетелдік азамат тіркеліп, 2639 виза берілді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9653 адам жауапқа тартылды, олардың 6803-і – шетел азаматтары, ал 2830-ы – Қазақстан азаматтары.

"Ел аумағынан 389 шетелдік шығарылып, 8301 адамға айыппұл салынды, ал 489 адам әкімшілік тәртіппен қамауға алынды. Көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 23 қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлімдеді Алматы облысы ПД КҚҚБ бастығы Рүстем Жарықбасов.

Көші-қон заңнамасын бұзумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Анықталған тәртіп бұзушылардың 80%-дан астамы – шетел азаматтары. Көші-қон қызметі шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың алдын алу үшін жұмыс берушілермен және жергілікті тұрғындармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

"Сонымен қатар 11 айдың ішінде 4551 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Бұл көрсеткіш елге тұрақты мекен ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді", – деп қосты Р. Жарықбасов.

Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында ҚР аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының" 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз.

Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

"Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей "e-Qonaq" электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады", – деп толықтырды Р. Жарықбасов.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: