Алматы метросы Жаңа жылға орай безендірілді

Жаңа жыл қарсаңында Алматы метрополитені ерекше кейіпке енді: бекеттер мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2024 14:54 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа жыл қарсаңында Алматы метрополитені ерекше кейіпке енді: бекеттер мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді.

Тұрғындар бұл жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтынын айтады.

Әр бекетте шырша орнатылып, тақырыптық ойыншықтармен безендірілген. Кейбір вагонда жолаушылар естелік суретке түсе алатын мерекелік бұрыштар бар.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Біз метродағы әрбір сапар жолаушыларымыз үшін сәл де болса мерекелік болғанын қалаймыз. Бекеттер мен вагондардағы әшекейлер адамдарға ертегі сезімін сыйлап, оларды мерекелік көңіл-күйге бөлеу үшін жасалған", – деді метрополитеннің баспасөз қызметі.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік безендіруді жоғары бағалады. Көптеген жолаушы әлеуметтік желілерге фотосуреттер жүктеп, мұндай атмосфера үшін ризашылық білдіріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: