Қазақстандағы түскі саудада доллар бағамы көтеріле бастады

Доллары, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 15:34 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,14 теңгеге көтеріліп, 515,25 теңгені құрады. Кеше, 26 желтоқсанда бағам бір доллар үшін 514,93 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты қытай юанімен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 519,32-524,44 теңгеге, еуро 535,17-542,97 теңгеге, рубль 5,10-5,22 теңгеге сатылуда.

Желтоқсанның 26-сы күнгі аукционда әлемдік мұнай бағасы да көтеріліп жатыр. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,48%-ға өсіп, 73,52 долларды құрады. Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,53%-ға арзандап, барреліне 70,47 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 514,93 теңге, еуроны 536,04 теңге, рубльді 5,18 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: