Қызылордалық педагог "Әлем мұғалімі" байқауына қатысады
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова оқушыны қызықтырудың бірнеше әдісін дайындаған. Соның ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесін бүгінгі білім беру бағдарламасына негіздей отырып жасады. "Қазақстан мұғалімі" байқауында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ғалымдар мен сарапшылар осы идеяға ереше назар аударған, деп жазады 24KZ.
"Мұғалім сабақ берумен шектелмей, шығармашыл болуы керек, ізденіс үстінде болу ыкерек, әрине, жан-жақты болу тисі. Өйткені қазіргі бізді оқытып жатқан оқытушыларымыздың көпшілігі жан-жақты. Яғни, қазіргі заманға бейімделіп кеткен оқушылар. Сондықтан олардың ойын бір жерде шоғырландыру өте қиын. Зерттеу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамыз".Гүлзат Шынтасова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұлағатты ұстаз бұған дейін де республикалық байқауларда топ жарған. Бірнеше шәкірті ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.
"Өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап және әртүрлі олимпиададан, ғылыми жобадан жетістіктерге жетіп келе жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның алғашқы ас мәзірінің қазақ тіліндегі нұсқасын жасаушылардың құрамына енді".Ербол Қайнарбаев, мектеп директорының орынбасары
"Білім берудің жаңашыл моделі деп жүрген көп дүниені Ахмет Байтұрсынұлының жазып кеткен еңбектерінен табуға болатынын "Әлем мұғалімі" байқауында дәлелдегім келеді. Қазір бұл жобаны ағылшын тілінде қорғау үшін дайындалып жатырмын", – дейді ұстаз.
Бұған дейін Қазақстан азаматының "Сеул қаласының құрметті тұрғыны" атағына ие болғанын жазғанбыз.