Алматыда полиция 200-ден астам тұрғынды алдап соққан күдіктіні құрықтады
Фото: pxhere
Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп 232 адамды алдап кеткен.
Ер адам бейтаныс адамдардың атына көлік несиесін рәсімдеген. Ай сайынғы жарнаны өз күшімен төлеймін деп, көліктерді өзіне алып алған.
Аңғал азаматтарды оның сыйақысы – 1 миллион теңге қызықтырды.
Полиция күдіктіні ұстады. Ол қамауға алынды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстар жасағанын мойындады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript