Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:11 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты.

Әлеуметтік нысан Тараз қаласы Құмшағал тұрғын алқабында орналасқан.

Орталық ғимараты 1975 жылы пайдалануға берілген, 2 қабатты. Биыл күрделі жөндеу жүргізіліп, балалардың игілігіне тапсырылып отыр. Құрылыс жұмыстары 6 айда аяқталды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:11

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мұнда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, домбыра, бейнелеу өнері, қолөнер, вокал, би, робототехника, театр, шахмат, таэквандо сынды үйірмелер бар.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:11

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Бұл ғимаратта балаларымыз білім алды. 2016 жылы жаңа мектеп қолданысқа беріліп, ұл-қыздарымыз сонда ауысты. Әкімдік бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдаланып, замануи орталық ашып отыр. Енді балаларымыз телефонға телмірмей, бос уақытын тиімді өткізетініне сенімдіміз"! – дейді Тараз қаласының тұрғыны Хансұлу Исабаева.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:11

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ербол Қарашөкеев ғимарат ішін толық аралап, бүлдіршіндердің өнері мен олардың дайындаған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Ол тұрғын алқаптағы барлық балаға орталықтың қолжетімді болуын ескертіп, алдағы уақытта сұранысқа сай үйірмелердің санын арттыруды тапсырды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:11

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Жамбыл облысында 78 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 15:11

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: