Елде ұшақтар мен әуежайларға тексеріс басталды
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда ұшақтар мен әуежайларға тексеріс басталды. Бастапқы жұмыстар Ақтау, Алматы және елордада жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы еліміздің Бас авиация инспекторы Жанат Әбдіғалымов хабарлады.
Оның айтуынша, ең бірінші кезекте жолаушылары көп әуежайлар тексеріледі, деп жазады qazaqstan.tv.
Әсіресе ұшу, авариялық-құтқару және орнитология жағынан қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, экипаж құрамы да назарда болады.
Айта кетейік, биыл елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900-ден астам тексеріс жүргізелген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript