+5°С. Алматыда Жаңа жыл қарсаңында күн жылынады

Ауа райы болжамы, Алматы, 29 желтоқсан, 30 желтоқстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 12:21 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, 2024 жылдың соңғы күндері Алматыда күн күрт жылынып, сынап бағаны +5°С дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер метеорологтардың айтуынша, түнде сынап бағаны 7 градусқа дейін төмендесе, күндіз жағдай түбегейлі өзгереді.

29 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7 °С, күндіз: +3...+5°С.

30 желтоқсан: аспан бұлтты, түстен кейін жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Аздап жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +3...+5°С.

Айта кету керек, Шымкентте де күн жылынады. 29 желтоқсан және 30 желтоқсанда шырайлы қалада ауа райы температурасы +6...+10°С болады деп болжанады.

28 желтоқсанға келетін болсақ, Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: