Ақтөбе облысында құтқарушылар екі ер адамды қар құрсауынан шығарды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында құтқарушылар екі ер адам қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қарауылкелді ауылынан 20 шақырым жерде ауа-райының нашарлауына және қардың көп түсуіне байланысты жеңіл автокөлік қар үйіндісіне түсті.
Ішінде 2 адам бар көлікті құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, ауылға дейін жеткізілді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
"ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді!", - деп ескертті ведомство.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript