Ақтаудағы ұшақ апатын халықаралық 17 сарапшы зерттейді

Авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Ақтауға ұшып барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 11:47 Сурет: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Ақтауға ұшып барды, деп хабарлайды Zakon.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бас хатшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтауға арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді.

"ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады". Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтауда.

Еске салайық, кеше, 28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: