Шымкентте көлеңкелі бизнеспен күрес нәтижесінде қазына кірісі 2,5 есеге өсті

Аудит, расчет, калькулятор, аудитор, юридическая проверка, графики, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2024 10:55 Фото: pexels
Шымкент қаласында сауда орталықтары мен кәсіпкерлік нысандары табысын жасырып, бизнес орындарының құнын әдейі төмен етіп бағалап келген.

Көлеңкелі экономикамен күрес барысында олардың қулықтары әшкере болып, биыл қала қазынасының кірісі 2,5 есеге өсті.

Шаһарда 10 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны болса, соның 78 пайызы меншігіндегі мүлкін арзанға бағалатып, жылдар бойы салыққа арзымайтын тиын-тебен төлеп келген, деп жазады qazaqstan.tv.

Солардың бірі — шаһардың қақ ортасында тұрған Арман сити сауда орталығы. 4 қабатты мына зәулім ғимаратта 60-тан астам киім-кешек сату дүкендері орналасқан. Кәсіпкерлік нысаны салықтан жалтару үшін ғимарат құнын 16 есе арзан етіп көрсетіп, салыққа небәрі 50 миллион теңге ғана төлеп келген.

Коммерциялық нысандарға талдау жүргізу және олардың бағалау құны нарықтағы бағаға сәйкестендіру нәтижесінде мейрамханалардан қазынаға түсетін салық 79 миллионнан 23 миллиард теңгеге, қала базарларындағы табыс 11 есеге көбейді. Тойханалардың беретін алымы 8 есеге ұлғайды.

"Сот сараптамасымен тағайындадық. Бұл жерде негізгі мәселе бағалаушы компанияның өкілдеріне қатысты. Өйткені төмендетіп салық төлеуге көмектесуіне байланысты. Сот сраптамасымен 840 миллион теңгені құрап отыр. Жалпы, 2024 жылы 80-ге жуық хронометрраждық зерттеу жүргізілді. Бұл бағыт алдағы уақытта да жалғасады." Жомарт Арынтаев, Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

Сондай-ақ хронометраждық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мегаполистегі ірі тамақтану желісі табысын төрт есеге азайтып көрсеткені белгілі болды. Жалпы, салық түсімінің көбеюі қаланың экономикалық әлеуетін көтеріп, республикалық бюджетке тәуелділігін азайтты.

"Жалпы, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, соңғы 3 жылда салықтық түсім 262 млрд теңгеден 660 млрд теңгеге артып, 2,5 есеге өсті. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырмыз." Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі

Бизнес нысандарын бағалау кезінде деректерді бұрмалаған мекемелерге қазір прокурорлық тексеріс жүріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша олардың үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: