Алимент төлеуден жалтарғандар букмекерлік кеңселерде бәс тігіп жүр
Фото: unsplash
Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің букмекерлік кеңселерде қыруар қаражатқа бәс тігіп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылы 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Мысалы, бір борышкердің балаға төленетін алименті бойынша қарызы 5,2 млн теңгені құрағанымен, ол 2 млн теңгеге жуық қаражатты "Олимп" букмекерлік кеңсесінде ұтылғаны белгілі болды.
"Аталған борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, алимент қарызын толық өтегеннен кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды",- делінген ақпаратта.
Алиментті уақытында және толық көлемде төлеу бұл әр ата-ананың міндеті мен парызы.
Бұған дейін 2025 жылғы қаңтар айына Қазақстан Республикасы бойынша ауа райының консультативтік болжамы туралы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript