Астанада Қабанбай батыр даңғылының ішінара жабылған бір жолағы әлі ашылмайтын болды
Сурет: Zakon.kz
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір жолағын ішінара жабу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бұл LRT жобасының №105 станциясында топырақты қайта көму жұмыстарымен байланысты.
"Шектеу "Астана Жұлдызы" аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 100 метр қашықтықта 2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін сақталады", делінген хабарламада.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұралады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript