Қытай әлемдегі ең ірі көлік экспорттаушысы болды
Фото: Zakon.kz
Covid - 19 індетінен кейін қытайлық автоөндірушілер әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі қатысуын жылдам кеңейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Visual Capitalist мәліметтері бойынша, Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латын Америкасына көлік жөнелтілімдерін көбейтті (BYD және Chery сияқты брендтердің көліктері көбінесе бәсекелестеріне қарағанда арзанырақ).
Сонымен қатар, неміс автомобильдерінің экспорты 2010-шы жылдардың соңында күрт төмендеді және бұрынғы деңгейіне әлі қалпына келген жоқ.
Қытайлық автоөндірушілер 2024 жылы 4,7 миллионнан астам көлік сатады. Екінші орында 4,1 миллион көлікпен Жапония, үшінші орында 3,1 миллион көлікпен Германия тұр.
30 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан пандемия басталғаннан кейін бес жыл өткен соң, COVID-19 шығу тегі туралы деректерге қолжетімділікті ашуды сұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript