Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снег, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, дорога закрыта, заносы, занос , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 11:48 Фото: unsplash
Синоптиктер оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылдың 5-10 қаңтары аралығында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, алдағы күндері жауын-шашын жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

"6 қаңтарда республика бойынша суық ауа массасы тарай бастайды, термометрлердің көрсеткіштері төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға жауын-шашын түрінде Оңтүстік Каспий циклонының фронтальды бөліктері әсер етеді. Жаңбыр мен қар күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының түнде батыста +3°С-тан -12°С-қа дейін, күндіз +3°С-тан -8°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі. Шығыста түнде -10-25°С, күндіз -5-13°С дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде негізгі фон температурасы 0°С-тан -10°С-қа дейін, таулы аймақтарда -13-20°С. Күндіз +8°С-тан -3°С-қа дейін, таулы аймақтарда -3-8°С-қа дейін". "Қазгидромет" РМК

5-6 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +1+3°C.

7 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +2+4°C.

8 қаңтар: бұлтты, жауын-шашын, кейде қатты (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз 0+2°C.

9 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -9-11°С, күндіз -3-5°С.

10 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз 0-2°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК ылғалды Атлантикалық ауа массасына толған Солтүстік Атлантикалық циклон республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарындағы ауа райын анықтайтынын хабарлаған болатын. Оның фронтальды учаскелерінің аймағында қар, бұрқасын және жаңбыр түріндегі әр түрлі фазадағы жауын-шашын болжанады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: