Елордада жас отбасы арзан бағада тур аламыз деп алаяққа алданды
Фото: pexels
Елордада полицияға қала тұрғындары шет елге жалған билет сатты деген айыппен арыз түсірген.
Күдіктінің жәбірленушілерге екі есе арзан бағада Египетке әуе билеттерін сатқаны мәлім болды.
Жас отбасы әлеуметтік желі арқылы ең арзан турды тапқандарына қуанып, ойланбастан онлайн төлем жасайды.
Алаяқ төлемді алғаннан соң, жалған әуе билеттерін жібереді. Оған мән бермеген ерлі-зайыптылар әуежайға келгеннен кейін ғана алданғандарын түсінеді.
Шығын көлемі шамамен бір жарым миллион теңгені құрайды. Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық жасаған әйел адамды анықтап, қолға түсірді.
Тергеу кезінде күдіктінің тек бір ғана адамдыалдамағаны белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript