Алматыда ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен күдікті қолға түсті

Алматыда полиция ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 12:47 Сурет: polisia.kz
Алматыда полицейлер былтыр 20 желтоқсанда қаланың Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарақшылық шабуыл әрекеті салдарынан ерлі-зайып тұрғындар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталды. Бұл – Жетісу өңірінен келген 38 жастағы азамат. Бір күн бұрын ол ұсталып, қамауға алынды.

Күдікті жақында ғана өзі барып жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыны тонауды жоспарлағанын мойындады. Сол кезде ол жұмыс берушілердің сейфін байқап қалған. Бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең олардың есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытқан қаскөй олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастады. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: