Астанада есірткі тасымалдаған күдікті қолға түсті

Астанада есірткі тасымалдаған күдікті қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 18:50 Сурет: polisia.kz
Астанада полицейлер қылмыстық әрекетін жаңа бастаған 33 жастағы әйелдің заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдеу барысында полицейлер бір үйдің маңында күмәнді іс-қимыл жасап, айналасына абыржып қараған әйелге назар аударған.

Құқық қорғау қызметкерлерін көрген сәтте оның мазасыздана бастауы полицейлердің күдігін күшейтті. Тексеру кезінде оның қалтасынан мефедрон есірткі заты салынған 10-нан астам түйіншек табылды.

Кейін белгілі болғандай, ол үш күн бұрын интернет арқылы "жеңіл табыс" туралы хабарландыруға жауап беріп, есірткіні жасырын қойып кетуші ретінде жұмысқа тұрған. Дәл алғашқы "тапсырмасын" орындау кезінде полицияның көзіне түсіп, ұсталды.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция интернеттегі "жылдам табыс" көздеріне сенбеуді ескертеді. Соңы қылмыстық жауапкершілікке және өмірге қауіп төндіруге әкеліп соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: