Астанада вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Астанада вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 19:12 Сурет: polisia.kz
Астаналық полицейлер вейптерді заңсыз таратты деп күдікке ілінген 35 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті қаладағы дүкендердің бірінің қоймасын заңсыз өнімді саудалау үшін пайдаланған. Тінту кезінде жедел уәкілдер 163 вейпті тауып, тәркіледі.

Ер адамның айтуынша, бұл темекі өнімдері бұрынғы сатылымнан қалған. Алайда ол тыйым салынғанына қарамастан, қызметін жалғастырып, әлеуметтік желілер арқылы және курьерлердің көмегімен тұрақты клиенттеріне жеткізіп отырған. Бір вейптің бағасы 5-10 мың теңге аралығында болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: