Қазақстандағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді

Қазақстандағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 14:52 Сурет: Zakon.kz
Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ 2025 жылғы 7 қаңтарда Жезқазған - Петропавл тасжолында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады. Бұған қолайсыз ауа райы себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, көліктің барлық түрінің қозғалысын шектелді:

  • 14:00-дан бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Жезқазған – Петропавлск" автожолының 137-252-шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін);
  • 14:00-дан бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Жезқазған – Петропавлск" автожолының 252-339-шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
"2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де жолды ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады"."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: