Қазақстанның көлік министрлігі Әзербайжан ұшағының қара жәшіктеріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Қазақстанның көлік министрлігі Әзербайжан ұшағының қара жәшіктеріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 14:24 Сурет: wikimedia
Бүгін, 2025 жылғы 7 қаңтарда Қазақстанның Көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағының қара жәшіктеріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда жуырда Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің қара жәшіктерден алынған материалдары келетіні айтылған.

"Келген соң сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі".ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Бразилия Әскери-әуе күштерінің авиациялық оқиғаларды тергеу және қамтамасыз ету орталығы Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың "қара жәшіктерін" ашып, жазбаларды оқуды аяқтағанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: