"Ештеңе төлемейсіздер". Көлік министрлігі желіде тараған сыбысты жоққа шығарды
Сурет: unsplash
ҚР Көлік министрлігі 8 қаңтарда Өзбекстан территориясына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылардан алым алынатындығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде Өзбекстанның территориясына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат пайда болған.
"2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ", делінген хабарламада.
Бұған дейін Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары елге кіргені үшін Түрікменстан жүк көліктерінен алынатын алымдарды көбейткенін, сондай-ақ Иран үшін ставкалар нөлге теңестірілгенін хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript