Жылдам әрі заңды ғылыми дәреже: қазақстандық білім алушыларға диплом алудың жаңа тәсілі ұсынылды

Диплом, дипломы, вручение дипломов, выпускники вузов, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 14:14 Фото: Министерство здравоохранения РК
Қазақстанда соңғы жылдары білім беру саласындағы алаяқтық мәселесі, әсіресе магистр дәрежесін алу кезінде өзекті бола түсуде, деп хабарлайды Zakon.kz

Беделді дипломдар мансаптық өсуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ кейбір адамдар ғылыми дәрежені алу үшін алаяқтық жолды таңдайды. Aqparat saqshysy Telegram-арнасының мамандары магистр дәрежесін алудағы белең алып жатқан алаяқтық әрекеттері жайлы айтып берді. 

Алаяқ екенін қайдан білуге болады? 

  1. Алаяқтар сабаққа қатыспай немесе диссертация жазбай-ақ магистрлік дипломды "сатып алуды" ұсынады. Мұндай диплом, әдетте, жалған немесе заңсыз жолмен алынған болып шығады. 
  2. Кейбір жосықсыз ұйымдар лицензиясыз магистрлік бағдарламаларды ұсына отырып, өздерін ресми аккредиттелген университеттер ретінде көрсетеді 
  3. Академиялық адалдық принциптерін бұзатын диссертация жазуға немесе емтихан тапсыруға ақылы "көмек" тәсілін ұсынады. 
  4. Кейбір магистранттар өздерінің академиялық жетістіктерін растайтын жалған ғылыми жарияланымдар мен ұсыныстар үшін ақы ұсынады. 

Қандай қауіптер бар?

Мамандар жалған құжаттарды пайдалану бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жазаға әкеп соқтыратынын атап өтті.

Мұндай схемалар академиялық институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді және мамандардың жалпы біліктілік деңгейіне сенімсіздік тудырады. 

Алаяқтың торына қалай түспеуге болады? 

  • Білім беру мекемесінің Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі берген лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз.
  • Білім күш-жігерді қажет етеді және дипломды жылдам сатып алу туралы кез-келген "ұсыныстар" күдік тудыруы керек.
  • Егер сіз алаяқтыққа тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына немесе ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне хабарлаңыз.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жаңа ереже бекітілгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: