ІІМ 2024 жылы ел бойынша 40 sim-box құрылғысын тәркіледі

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиция, уголовное дело, заявление в полицию , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 14:26 Фото: polisia.kz
Түрлі мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін интернет-алаяқтар sim-box құрылғыларын пайдаланады.

Бұл қылмыскерлерге әлемнің кез келген бөлігінде жүріп, отандық ұялы байланыс операторларына қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

Тек жабдықтың елде болуы және жергілікті ұялы байланыс трафигін пайдалануы жеткілікті.

Жалпы өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел бойынша 40 sim-box құрылғысы тәркіленді, алаяқтарға көмек көрсеткені үшін 20 адам ұсталды.

Жеті деректе ұсталғандар ТМД тұрғындары болып шықты.

2025 жылдың басынан бастап Қарағанды облысында үш sim-box құрылғысы тәркіленіп, екі күдікті адам ұсталды.


"Sim-box құрылғыларымен жасалатын заңсыз әрекеттерді тоқтату жұмыстары жалғасуда. Бұл мәселе ведомствоның тұрақты бақылауында", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: