Алдағы күндері Алматы мен Шымкентте күн жылынса, Астанада қар жауып, бұрқасын күтіледі

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снег, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, дорога закрыта, заносы, занос , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 14:55 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын ауа райынан қандай тосын сый күтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гидромет орталығының хабарлауынша, 10-12 қаңтар аралығында елордада қар жауып, бұрқасын күтілсе, елдің екі ірі қаласында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Астана

10 қаңтар: құбылмалы бұлтты, аздап қар жауады, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -6-8°С аяз.

11 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -6-8°С аяз.

12 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -5-7°С аяз.

Алматы

10 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз 0-2°С аяз.

11-12 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С аяз, күндіз 0+2°C нөлден жоғары.

Шымкент

10 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°С аяз, күндіз +4+6°C нөлден жоғары.

11-12 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°С аяз, күндіз +4+6°C нөлден жоғары.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың мәліметінше, айдың бірінші онкүндігінде елімізде ауа райы Атлантикалық циклондардың әсерінен қалыптасып, оны тұрақсыз етеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: