Қызыл жалынға оранға Калифорнияда қазақстандық 73 студент оқиды - олардың жағдайы қалай

Қызыл жалынға оранға Калифорнияда қазақстандық 73 студент оқиды - олардың жағдайы қалай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 10:49 Сурет: pixabay
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Калифорния штатындағы орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият қадағалап отырғандықтарын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Калифорния штатында 73 қазақстандық стипендиат, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға кеткен 56 студент және "ғылыми тағылымдама" бағдарламасы бойынша 17 адам оқиды.

Олардың барлығы қауіпсіз жерде және кураторларымен байланыста.

"Стипендиаттар жергілікті биліктің ұсынымдарын орындайды және бізге жағдай туралы жедел хабарлайды. Біз университеттермен тұрақты байланыста боламыз және кез келген жағдайға дайынбыз", – деп түсіндірді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.

Стипендиаттарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылды.

Бүгінде Калифорнияда орман өрті жалғасуда. Екі мыңға жуық ғимарат толығымен күлге айланып, бес адам қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: