Ақтөбе облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Ол тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы қызметін атқарған, деп хабарлады қадағалау органы., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 12:46 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
2025 жылдың 10 қаңтарында мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Әбішев Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы қызметін атқарған, деп хабарлады қадағалау органы.

Марат Әбішевтің орталық аппараттың бейінді бөлімшесіне басшылық жасауды және прокуратура органдарының қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіруді қоса алғанда, айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Ол ел Президенті қойған міндеттердің орындалуына, соның ішінде ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтаруға, азаматтардың еңбек құқықтары мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға жетекшілік етті.

Марат Әбішев 1979 жылы 5 қыркүйекте Қарағандыда дүниеге келген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Кейін Бас прокуратурада прокурор, содан кейін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау департаментінің басқарма прокуроры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық сотының судьясы болып жұмыс істеген. Әр жылдары Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесін қорғау департаментінің аға прокуроры, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары, Қостанай облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары, сондай-ақ Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 22 жылдан асады. Кәсіби жетістіктері үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: