Руфат Құттықов Ақмола облысының прокуроры қызметіне тағайындалды

Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 11:52 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша, Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Құттықов Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руфат Бауыржанұлы Құттықов еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Атырау облысы Атырау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

2022 жылдан бастап Маңғыстау облысының прокуроры болды.

Руфат Бауыржанұлы Құттықов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: