Қостанай облысында бір апта ішінде 19 мас жүргізуші ұсталды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 13:14 Фото: pexels
Қостанай облысында өткен аптада полицейлер жол қозғалысы ережелерінің 3 мыңға жуық бұзушылығын анықтады.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, оның барысында 19 жүргізуші масаң күйде ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік, көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті белсенді түрде қамтамасыз етті.

Адамдар көп жиналатын жерлерде және отбасылық жанжалдар туралы хабарлар бойынша бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесінде медициналық айықтырғыш орнына 540 құқық бұзушы орналастырылды.

Бұзушылықтарды анықтауда цифрлық технологиялар маңызды рөл атқарады. Өткен аптада ғана бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық тәртіпті және жүргізушілердің тарапынан мыңға жуық бұзушылық тіркелді.

Полиция облыс тұрғындарын құқықтық тәртіпке бей-жай қарамауға және заң бұзушылықтың кез келген фактілері туралы уақытылы хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: