Енді түнгі тыныштықты бұзғандар 19 660 теңге айыппұл төлейді

Тенге, деньги, Казахстан, национальная валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 13:25 Фото: Zakon.kz
Түнде сағат 22:00-ден кейін тыныштық бұзғандар 19 660 теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қазақстандықтарға жұмыс күндері сағат 22:00-ден, ал демалыс күндері сағат 23:00-ден кейін тыныштық бұзғаны үшін айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері мынандай:

Жеке тұлғалар үшін 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады.

Шағын кәсіпкерлер үшін 20 айлық есептік көрсеткіш болса, орта бизнеске – 30, ал ірі кәсіпорындардың айыппұлы да еселенген, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді олар тыныштық бұзса 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни, 393 200 теңге шығынға түседі.

  • Жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін –20 АЕК ( 78 640 теңге);
  • Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 30 АЕК (117 960 теңге);
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 100 АЕК (393 200 теңге).
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: